Хабарландырулар
Ағымдағы шығарылым
Бұл шығарылымға экология және тұрақты даму бағытындағы мақалалар енгізілді. Материалдар биоалуантүрлілік, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстар және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қамтиды.
Барлық шығарылымдар
Мақалалар
Электрондық пошта мекенжайына қойылатын талаптар
Құрметті авторлар мен рецензенттер!
«Journal of Ecology and Sustainability» журналының редакциясы https://jes.enu.kz/ сайтынан жіберілетін жүйе хабарламаларын алу үшін төмендегі талапты ескеруді сұрайды.
Журнал Open Journal Systems (OJS) платформасында жұмыс істейді. Кейбір пошта сервистерінде OJS хабарламалары алушыға жетпей қалуы немесе «Спам», «Жойылғандар» қалтасына түсуі мүмкін. Бұл мақала ұсыну, рецензиялау және редакциямен хат алмасу кезінде байланысты қиындатады.
Журналға тіркелгенде және редакциямен хат алмасқанда мына тәртіпті сақтаңыз:
- Университетке, ғылыми ұйымға немесе өзге ресми мекемеге тиесілі корпоративтік электрондық поштаға басымдық беріңіз. Мысалы: @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz. Мекенжайды дұрыс көрсетіп, оның белсенді екенін және жүйе хабарламаларын қабылдайтынын тексеріңіз.
- Корпоративтік поштаны пайдалана алмасаңыз, Gmail (@gmail.com) мекенжайын көрсетуге болады. Ол белсенді болып, жүйе хабарламаларын тұрақты қабылдауы тиіс.
- Тіркелу және редакциямен негізгі хат алмасу үшін @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru мекенжайларын қолданбаңыз. Gmail-ден өзге жеке пошта сервистерін де негізгі байланыс үшін пайдаланбаңыз.
- Осы домендердің бірімен бұрын тіркелсеңіз немесе жүйе хабарламаларын алмасаңыз, жеке профиліңіздегі мекенжайды белсенді корпоративтік немесе Gmail поштасына ауыстырыңыз. Өзгерісті сақтаңыз.
Редакция рецензенттерді тіркеу және мақалаға бекіту кезінде олардың электрондық пошта мекенжайының дұрыстығын тексеруі тиіс. Бұрын тіркелген рецензенттерден редакциямен әрі қарай хат алмасу және OJS жүйесінде жұмыс істеу үшін өз ұйымының ресми поштасын, ол болмаса Gmail мекенжайын пайдалануды сұраймыз.
Ізгі құрметпен,
Journal of Ecology and Sustainability журналының редакциялық алқасы
Журнал туралы ақпарат
Journal of Ecology and Sustainability – бұрынғы «ЕҰУ Хабаршысы. Экология сериясы» журналының ғылыми бағытын жалғастыратын жаңа атауы. Жаңа басылым 1995 жылдан бастап жарық көріп келген «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы» журналының ресми жалғасы ретінде тіркелген.
Журналға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 25.12.2025 ж. №KZ70VPY00137867 тіркеу нөмірі берілген.
Басылым ҚР ККСОН ұсынған ғылыми журналдардың үшінші тізіміне енгізілген. Ресми ақпарат: Осы сілтемеде
Алдыңғы сандар мына мұрағатта сақтаулы: Архивке өту






