Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап журналда жарияланым үшін төлемнің жаңартылған шарттары күшіне енді.

2026-02-18

Құрметті авторлар!
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап журналда жарияланым үшін төлемнің жаңартылған шарттары күшіне енді.
Журнал жүйесінде тіркелу және мақаланы жіберу кезінде алғашқы жарна 12 000 теңгені құрайды.
Бұл сома антиплагиат жүйесінің лицензиясына, рецензенттер мен редакция қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады.
Мақала қабылданбаған жағдайда, аталған жарна қайтарылмайды.
Мақаланы қайта өңдеу қажет болған жағдайда, жүйеге әр қайта жіберілген сайын 12 000 теңге көлемінде төлем қайта төленеді.
Мақала жариялауға түпкілікті мақұлданғаннан кейін, авторлар қалған соманы — 48 000 теңгені төлейді.