Журнал туралы
Журналдың атауы: Journal of Ecology and Sustainability
ISSN / eISSN: мемлекеттік тіркеуден кейін беріледі
Тіркелуі: Журнал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа ғылыми басылымы ретінде құрылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Журналдың мақсаты – экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму, ауа, топырақ және су сапасын бағалау, сондай-ақ жергілікті және жаһандық экологиялық мәселелерді талдау бағыттарында мұқият сараланған ғылыми құндылығы жоғары мақалаларды жариялау.
Шығу тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: жылына 4 рет
Меншік иесі: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тақырыптық бағыты: экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг, тұрақты даму, өңірлік және жаһандық экологиялық мәселелер, экологиялық инновациялар бойынша ғылыми материалдарды жариялау.
Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел
Журналдың электронды нұсқалары ашық қолжетімділікте беріледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына, сондай-ақ профильдік ақпараттық дерекқорларға жолданады.






