Мақала қарастыру тәртібі

Қолжазбалар жыл бойы үздіксіз қабылданады.

  1. Негізгі автор (корреспондент) журналдың электрондық порталында екі файл түріндегі материалдарды жүктей отырып тіркеледі, олардың бірінде авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер) болмауы тиіс. Автор жіберген қолжазба журнал редакциясына түседі. Техникалық хатшы қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін үлгі бойынша тексереді (1-қосымша). Автор қолжазбамен бірге ұсынылған материалдың дербес дайындалғаны туралы ілеспе хат, плагиатқа тексеруге келісім, мақаланың жарияланған жағдайда әртүрлі дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерге енгізілуіне және баспагерге айрықша құқық берілетініне келісім жібереді.
  2. Техникалық хатшы қолжазбаны лицензияланған автоматты плагиат тексеру жүйесі (https://antiplagiat.enu.kz/) арқылы тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша толық электронды есеп жасалады. Қанағаттанарлық нәтиже алмаған мақалалар (түпнұсқалық деңгейі 70%-дан төмен) әрі қарай қарауға жіберілмейді. Электрондық есеп авторларға берілмейді.

    Бұрын жарияланған мақалалар, олардың басқа тілдерге (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) аудармалары, сондай-ақ басқа журналдарға ұсынылған қолжазбалар қарауға қабылданбайды. Техникалық хатшы бұл туралы негізгі авторды хабардар етеді. Мақала қабылданбаған жағдайда редакция бас тарту себептерін талқыламау құқығын сақтайды.

    Түпнұсқалық деңгейінен өткен мақаланы техникалық хатшы бас редакторға (пән саласы бойынша жауапты редактор) жібереді. Бас редактор мақаланы журналдың тақырыптық аймағына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Сәйкессіздік анықталса, авторға жариялаудан бас тарту туралы негіздемесі бар электрондық хабарлама жіберіледі.
  3. Бас редактор (пән саласы бойынша жауапты редактор) бастапқы іріктеуден өткен әр мақала бойынша екі рецензентті (тиісті ғылыми сала маманы) анықтайды. Бұл процесс OJS (Open Journal System) арқылы жүзеге асырылады.
  4. Техникалық хатшы қолжазбаны плагиатты тексерудің толық есебімен бірге рецензентке журналда жариялау мүмкіндігін анықтау үшін жібереді.
  5. Журналда қосарланған (соқыр) рецензиялау қолданылады: рецензенттер мен авторлардың аты-жөні ашылмайды. Рецензент мақала алынғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде журнал редакциясына зерттелетін тақырыптың өзектілігі, автор үлесі, теориялық және практикалық маңызы жөнінде дәлелді рецензия ұсынады. Барлық рецензияларда мақаланы жариялау (өңдеумен немесе өңдеусіз) не қабылдамау туралы ұсыныс беріледі. Барлық рецензиялар редакцияға қайтарылады.

    Егер рецензия түзетуге жіберілсе, автор мүмкіндігінше тез арада түзетілген нұсқасын жіберуі тиіс. Түзету мерзімі — ескертулер келген күннен бастап екі апта. Автор рецензенттің ескертулеріне жауап ретінде:
    (1) түзетулер белгіленген өңделген мақаланы;
    (2) әр ескертуге нақты дәлелді жауапты жіберуі қажет. Өңделген нұсқа мен жауаптар рецензентке қайта жіберіледі. Процесс рецензент шешім қабылдағанға дейін қайталанады.

    Егер ескертулер қабылданғанымен, түзетулер адал орындалмаса (үшінші рет тапсырылса да түзетулер енгізілмесе), қолжазба қабылданбайды. Егер авторлар рецензент ескертулерімен келіспесе, бас редакторға негіздемелі хат жолдайды. Бас редактор қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

    Екі апта ішінде түзетілген нұсқа қайтарылмаса, тіпті бас тарту туралы хабар берілмесе де, редакция қолжазбаны тіркеуден алып тастауға құқылы. Авторларға бұл туралы хабарлама жіберіледі.

    Барлық рецензиялар және редакциялық алқаның шешімі метадеректерде көрсетілген негізгі авторға жіберіледі. Барлық материалдар (соңғы нұсқа, рецензиялар, плагиат есебі және т.б.) редакциялық алқа отырысында қаралады. Шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Жауапты хатшы отырыс хаттамаларын жүргізеді. Теріс пікір алған мақалалар қайта қаралмайды. Даулы жағдайларда түпкілікті шешімді бас редактор қабылдайды.
  6. Басылым материал дайын болған сайын жалпы кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан нөмірлер айдарларына сәйкес кезек қалыптастыруға құқылы.
  7. Жауапты хатшы нөмірдің мазмұны анықталғаннан кейін мақалалардың мәтінін (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде), беттелуін және журнал таралымын ұйымдастырады.

Редакциялық үрдіс

  1. Қолжазбаны форматқа және плагиатқа тексеру
  2. Редактордың бастапқы бағалауы
  3. Рецензенттерді тағайындау
  4. Рецензенттердің пікірлері
  5. Редактордың шешімі
  6. Қабылданбайды / Түзетуге қайтарылады / Қабылданады
  7. Қабылданған мақаланы баспаға дайындау (кезек бойынша)
  8. Баспаға шығару (кезек бойынша)