Редакциялық саясат
Журналдың редакциялық саясатының толық нұсқасы осы сілтемеде берілген.
Журналдың мақсаты
Журнал қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, ауа, топырақ және судың сапасын зерттеу, тұрақты даму мәселелері, сондай-ақ жаһандық экологиялық проблемаларды талдау бағыттарындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін қамтитын түпнұсқа ғылыми еңбектер мен шолу мақалаларды жариялайды.
Журналдың міндеттері
- Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижелерін жариялау.
- Ауа, топырақ пен судың сапасын бағалау және жақсарту мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектерді тарату.
- Жергілікті және ғаламдық экологиялық мәселелерді талдауға бағытталған ғылыми пікірталастар алаңын қалыптастыру.
- Экология және тұрақты даму саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді ғылыми қауымдастыққа ұсыну.
- Жас ғалымдар, докторанттар мен білім алушылардың зерттеу нәтижелерін жариялау арқылы ғылыми әлеуетті дамытуға ықпал ету.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Қоршаған ортаны қорғау – табиғи экожүйелерді сақтау, ластанудың алдын алу және оны азайту шаралары.
- Табиғатты ұтымды пайдалану – су, жер, орман, биологиялық ресурстарды тиімді басқару.
- Экологиялық мониторинг және бағалау – ауа, топырақ, су сапасын зерттеу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Жергілікті және ғаламдық экологиялық мәселелер – климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің азаюы, урбанизацияның әсері.
- Тұрақты даму – «жасыл экономика», энергияның баламалы көздері, әлеуметтік-экологиялық мәселелер, экологиялық инновациялар.
- Аймақтық экология – жекелеген елдер мен өңірлердің экологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Шығу жиілігі: жылына 4 рет.
Ашық қолжетімділік саясаты. Журнал зерттеу нәтижелеріне еркін әрі ашық қол жеткізу ғылыми білімнің таралуына ықпал етеді деген қағиданы ұстанады.
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қор қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰҒТБО» АҚ-на беріледі. Журнал материалдары eLIBRARY.RU платформасында мұрағатталады. Journal of Ecology and Sustainability журналының редакциялық алқасы авторлардың жарияланған материалдарын басқа репозиторийлерге орналастыруына кедергі келтірмейді.
Жариялану шарттары. Journal of Ecology and Sustainability журналының редакциясына келіп түскен барлық қолжазба басылымның техникалық және өзге де талаптарына сәйкес келуі әрі жасырын рецензиялаудан өтуі керек. Редакциялық алқа рецензенттердің пікірлеріне сүйеніп, мақаланы жариялау жөнінде соңғы шешімді қабылдайды. Журналдың бір нөмірінде бір автордың немесе бірлескен автордың бірден артық мақаласын жариялауға рұқсат етілмейді. Мақаланың мазмұнына авторлар толық жауап береді.
Лицензиялау. Journal of Ecology and Sustainability ғылыми журналы өз материалдарын Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы бойынша тегін әрі ашық ұсынады. Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтайды. Материалдарды авторын және журналға сілтемені көрсете отырып, лицензия шарттарына сәйкес көшіруге және таратуға болады.
Авторлық және жасанды интеллект (ЖИ). Плагиатты тексеру кезінде жасанды интеллект көмегімен әртүрлі дереккөздердегі материалдарды қайта тұжырымдау жағдайлары да ескеріледі. Журнал редакциясы осы мәселеге қатысты COPE ұстанымын қолдайды:
- Жасанды интеллект автор ретінде көрсетілмейді.
- Егер авторлар мақала жазу кезінде ЖИ құралдарын пайдаланса, «Материалдар мен әдістер» бөлімінде олардың қалай және қандай мақсатта қолданылғанын, сондай-ақ нақты құралдың атауын көрсетуі керек. Авторлар қолжазбаның бүкіл мазмұнына, соның ішінде ЖИ көмегімен дайындалған бөліктеріне де толық жауап береді.
Мақалаларды кері қайтарып алу (ретракция) тәртібі. Журнал жарияланған мақалалардан жалған деректер, плагиат, елеулі қателер немесе ғылыми және жариялау этикасының бұзылуы анықталған жағдайда оларды кері қайтарып алу құқығын сақтайды.
Ғылыми мақалалар делдалдары мен брокерлеріне қатысты редакция ұстанымы. Журнал редакциясы ғылыми мақалаларды жазумен, сатумен, ілгерілетумен немесе заңсыз таратумен айналысатын делдалдармен, агенттіктермен, брокерлік қызметтермен және өзге де коммерциялық құрылымдармен ынтымақтаспайды. Мұндай әрекеттер академиялық адалдықты өрескел бұзады әрі ғылыми беделге нұқсан келтіреді. Қолжазбаларды авторлардың өздері дайындап, журналға тікелей жіберуі керек. Делдалдардың қатысқаны анықталса, редакция қолжазбаны қабылдамауға, жариялаудан бас тартуға немесе жарияланған мақаланы кері қайтарып алуға құқылы.






