Негізгі ақпарат

Журналдың атауы: Journal of Ecology and Sustainability

ISSN 3107-2771 

Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні: Мерзімді баспа басылымын тіркеу туралы куәлік № KZ70VPY00137867, берілу күні: 25.12.2025 ж..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми тіркеу туралы куәлік алынғаннан кейін жарияланады.

Журналдың құрылу тарихы
Journal of Ecology and Sustainability журналы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Химия. География. Экология сериясы» басылымының экология бағыты негізінде жеке, дербес ғылыми журнал ретінде құрылды. Ғылыми бағыттарды нақтылау және экологиялық зерттеулердің көрінуін арттыру мақсатында экология бөлімі жаңа тәуелсіз журнал ретінде бөлініп шығарылды.

Мақсаты мен міндеттері
Журнал экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, тұрақты даму, ауа, топырақ және су сапасын бағалау, сондай-ақ жергілікті және жаһандық экологиялық мәселелерді талдау бойынша түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялайды.

Жарияланатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын

Мерзімділігі: жылына 4 рет

Иесі: «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

Тақырыптық бағыттылығы: экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық мониторинг, тұрақты даму, өңірлік және жаһандық экологиялық проблемалар, экологиялық инновациялар мәселелері бойынша материалдарды жариялау.

Таралым аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел

Ашық қолжетімділік саясаты:
Журнал материалдары Creative Commons CC BY-NC 4.0 лицензиясы негізінде ашық қолжетімді. Авторлар жарияланған мақалаларды репозиторийлерге бастапқы дереккөзді көрсете отырып орналастыра алады.

Редакциялық саясат және рецензиялау:
Барлық материалдар техникалық тексеруден, антиплагиат жүйесі арқылы тексеруден (кемінде 70% түпнұсқалығы) және COPE стандарттарына сәйкес қос соқыр рецензиялаудан өтеді. Екі тәуелсіз рецензия нәтижесі бойынша редакция алқасы мақаланы жариялау туралы шешім қабылдайды.

Редакцияның байланыс деректері:
010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
3-оқу корпусы (ЦИСИ), 338-кабинет
Тел.: +7 (7172) 709-500 (ішкі 33-207)
E-mail: ecologyjournal@enu.kz

Индекстеу және деректер базалары

Crossref    RSCI    Google Scholar

eLIBRARY    Crossref Metadata    EBSCO

Exaly